Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедбадында шымылдығы түрілген Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы сәтті бастады.
Жарыстың алғашқы күні қоржынымызға үш медаль түсті. 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Максим Сказобцов күміс алса, дәл сол қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзген Софья Сподаренко қолаға қол созды. Ал 50 метрга шалқалай жүзуде София Әубәкіророва екінші орынға табан тіреді.