2 қарашада Норвегияның Ферде қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионатының шымылдығы түріледі.
Қазақстан ұлттық құрама командасының бапкерлері бұл жарысқа төрт зілтеміршіні ғана апаруды жөн көрді. Олар – Едіге Емберді мен Петр Хребтов (79 кг), Әлібек Рахымберді (88 кг) және Сұлтан Мейрам (110 кг).
Отандық ауыр атлетикамызда жеңіспен өрілген бай дәстүрі барын жанкүйерлер жақсы біледі. Олай болса, санға емес, сапаға сүйінген жерлестеріміз осы жолы да толағай табысқа қол жеткізеді деп үміттенеміз.