Қазақстан футбол федерациясының (ҚФБ) басшылары мен польшалық
бапкер Михал Пробежбен ортақ мәмілеге келді.


Бұл ақпаратты kanalsportowy.pl агенттігі таратып отыр. Егер осы мәлімет
расталаса, онда 53 жастағы маман еліміздің ұлттық құрамасының тізгінін
ұстайды. Пробеж ұзақ уақыт Польшаның бірқатар белді клубтарымен қатар
Грекияның «Арисын» жаттықтырды. 2023-2025 жылдар аралығында өз елінің
ұлттық командасының бас бапкері болды.