Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионатында әртістік жүзу сайыстары өтті.

Алғашқы күні Қазақстан құрамасы бес медаль олжалады. Техникалық солода Карина Магрупова мен Виктор Друзин алтын алса, Эдуард Ким күміспен күптелді. Ясмина Исламова қола медаль иеленді. Ал еркін бағдарламаның командалық сайысында жерлестеріміз бас жүлдені олжалады. Келесі тәулікте қоржынымыз тағы да толды. Командалық сайыста отандастарымыз бірінші орынға ие болса, аралас жұптар арасында Эдуард Ким мен Карина Магрупова екінші сатыға жайғасты. Ал жұптық бәсекеде Арина Пушкина мен Ясмин Тұяқова үздік үштікті түйіндеді.

Ұлттық олимпиадалық комитет