Батуттағы гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында Әлем кубогінің кезеңдік сайысы аяқталды.
Осы жарыста Виктория Бутолина мен Ерлан Тасмағамбетов 49.680 ұпай жинып, қола медальді мойындарына ілді. Жерлестеріміз тек жапониялық Юсей Мацумото мен Хикару Мори (50.330 ұпай) және ресейлік Данила Касимов пен Анжела Бладцевадан (50.290 ұпай) қалып қойды.