Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бокстан және күрестен әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларды марапаттады. Шаһар басшысы оларға алғыс хат пен  қаржылай сертификаттар табыстады.

       Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы барлығы 10 медаль жеңіп алған еді: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.  Жүлде алған спортшылардың төртеуі оңтүстік астанамыздан.  Алуа Балқыбекова — алтын медаль, Назым Қызайбай — күміс медаль, Виктория Графеева — қола медаль, Елдана Тәліпова — қола медаль.

Алматы қаласының әкімдігі

  Сонымен қатар, Загреб (Хорватия) қаласында өткен күрестен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған Нұрқожа Қайпанов  алғыс хат және қаржылай сертификатпен марапатталды.

      Жеңімпаздардың бапкерлері де назардан тыс қалған жоқ.  Осындай спортшыларды дайындағаны үшін алғыс  пен қаржылай ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан бокстан әлем чемпионатында жалпы тізімде көш бастаған еді. 

Алматы қаласының әкімдігі