25-26 қазан күндері Бішкекте кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылады.
Сол жарыста еліміздің танымал былғары қолғап шебері, Олимпия ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шығады. Қандасымыз жергілікті боксшы Әділет Қашқынбековпен күш сынасады.