«Астана» клубының велошабандозы, германиялық Макс Кантер айналдырған бір апта ішінде екі бірдей дүбірлі додада дараланды.
Макс Кантер инстаграм пара0шасынан
Алғашында ол Бельгиядағы «Омлууп ван хет Хутландта» екінші орын алса, күні кеше ғана Франциядағы «Париж-Шониде» де дәл сол нәтижені қайталады. Осыған дейін Кантер қарт құрлықтың тас жолдарында өткен «Альмерия классигінде» күміспен күптеліп, «Фаменн Арденн Классигінде» бас жүлдені олжалаған еді.