Ол алғашқы төрт кезеңнің үшеуінде алдына салмай, жалпы есепте жеке-дара көш бастады. Сол кезде жанкүйерлердің дені «енді Малчеллиді енді ешкім тұғырдан тайдара алмайды» деп ойлады. Бірақ «қырсық аяқасты» демекші, бесінші кезеңде ол ылғалды тас жолда құлап, бірнеше жерінен жарақат алды. Спортшы дереу ауруханға жеткізіліп, оған ем-дом көрсетілуде. Сөйтіп, Малай еліндегі жарыс Маттео үшін осындай көңілсіз нотада аяқталды.