Ұлттық олимпиада комитеті

Хорватияның астанасы – Загребте өткен әлем чемпионатында 60 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан грек-рим күресі шебері Айдос Сұлтанғали бас жүлдені олжалап, қазақ жанкүйерлерін қуаныш пен шатттықа бөледі. Осы мерейлі сәтті біз ширек ғасырдан аса уақыт күттік. Соңғы рет 1999 жылы Афинада Мхитар Манукян жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Одан кейін «классиктеріміз» төрткүл дүниенің теңдессіздері бас қосқан жарыста тек күміс пен қоланы қанағат тұтып келді. Міне, енді арада 26 жыл өткеннен кейін Сыр бойының саңлағы Қазақстанның жанкүйерлеріне алтын медальдің сыңғырын естітті. Финалдық сайыста Айдос Өзбекстанның жас перісі Әлішер Ганиевтің небәрі 1 минут 7 секундта тас-талқан етіп ұтқанда күллі Алаш жұрты бөріктерін аспанға атып қуанды.