Футбол тарихындағы атақты клуб — “Реал Мадрид” Алматы төріне негізгі құраммен келіп қонды.
Қазақ елі қонақтарды ерекше қошеметпен қарсы алды. УЕФА Чемпиондар лигасының әнұраны қазақтың ұлттық аспаптарымен орындалып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.
Алматы әуежайы мен қонақ үй маңында мыңдаған жанкүйер жиналды. Әлем жұлдыздары Килиан Мбаппе мен Джуд Беллингем көпшіліктің ықыласына ризашылық танытып, жанкүйерлермен суретке түсіп, қолтаңба таратты.
Айта кетейік, Хаби Алонсоның қоластындағы “Реал Мадрид” алдағы матчқа мынадай құраммен шығады:
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Орельен Тчуамени, Федерико Вальверде, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Эндрик, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
«Қайрат» пен «Реал» арасындағы тарихи кездесу сейсенбі, 30 қыркүйекте өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталады.