Қызылордада футболдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың жеңімпазы анықталды.
Финалдық сайыста «Ордабасы» мен «Тобыл» кездесті. 19 минутта Николай Сигневич есеп ашса, 33 минутта Ислам Чесноков екінші голды соқты – 2:0. Сөйтіп, қостанайлықтар үшінші рет ел кубогын иеленсе, шымкенттіктер үшінші мәрте шешуші матчта ұтылды.