Футболдан 2025 жылғы Құрлықаралық кубоктың финалдық турнирі Катарда өтеді.
10 желтоқсанда Мексиканың «Крус Асульі» мен биылғы жылғы «Либертадорес кубогінің» иегері күш сынасады. Арада үш күн өткеннен соң осы матчтың жеңімпазы Мысырдың «Пирамидасына» қарсы ойнайды. Солардың арасынан озып шыққан ұжым 17 желтоқсанда бас жүлде үшін бәсекеде Францияның ПСЖ-сымен кездеседі.