Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының екінші турында Алматының «Қайраты» пен Мадридтің «Реалы» кездескені белгілі.  

Матчтың бірінші таймында Килиана Мбаппенің шірене тепкен добын Шерхан Қалмұрзаның секіріп барып кері қайтарғанда Орталық стадионға жиналған көрермендер құлшына қол соқты. Аталған ұйымның ресми  аккаунты қазақ қақпашысының осы сейфін өткен турдағы үздіктер санатына қосқан екен.

Шерхан Қалмырзаның инстаграм парақшасынан