Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы болып уақытша Талғат Байсуфинов тағайындалды.

Қазақстан футбол федерациясы

57 жастағы павлодарлық маман кезінде еліміздің бірқатар клубтарын жаттықтырып, елеулі табыстарға қол жеткізді. Ал 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ол республикамыздың бас командасын тізгінін ұстады. Жалпы алғанда Талғат Байсуфиновтың кезінде отандық аяқдоп шеберлері жаман ойнаған жоқ.