Ұзақ жылдар бойы футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Кака (Толық аты-жөні – Паулу Рикардо Фигейро Силва) өз еркімен кызметінен кетті.

Қазақстан құрамасының тізгінін Кака 2008 жылы ұстады. Кезінде өзі де мықты футзалшы болған. Әр жылдары Бразилияның «Пердиган», «Сан-Мигель», «Ульбра», «Уноэск», Испанияның «Барселона», «Дизофт», Ресейдің «Спартак-Щелково», ЦСКА, «Динамо-Ямал», Әзербайжанның «Нефтчи» клубтарында ойнады. Кейіннен бапкерліктың қамытын киіп, осы салады өзін түбегейлі мойындатты.   

2018 жылы ол Қазақстанға келді. Бразилиялық маман ұлттық командамызды баптаған кездері біраз биік белестерді бағындырдық. Атап айтсақ, жерлестеріміз өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. 2021 жылы Литвада өткен жарыста небір азулы қарсыластарды жолынан ығыстырған отандық футзалшылар қола медаль үшін бәсекеде даңқы жер жарған Бразилиядан небары екі доп айырмашылығымен жеңілген еді. Кака «Қайраттың» тізгінін ұстаған бетті жаңа стратегия енгізіп, жаңашыл тактика құрды. Ерең еңбек еш кеткен жоқ. Алдына биік мақсат қойған алматылықтар сол аралықта елеулі табыстарға қол жеткізді. Міне, енді 48 жастағы білікті бапкер өз еліне оралуды жөн көрді.

 

Қазақстан футбол федерациясы