Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды.
Плей-оффтың 1/8 сайысында Алматының «Қайраты» Бельгияның «Спортинг-Андерлехт» клубына қарсы ойнаса, «Семей» Польшаның «Пяст Гливицемен» күш сынасады. Алғашқы матчтар 24 қарашада өтсе, қарымта кездесулер 5 желтоқсанда ұйымдастырылады. Осы межеден сүрінбей өткен сегіз команда келесі жылдың 23 ақпаны мен 6 наурызында өтетін ширек финалда өзара шеберлік байқасады.
Ал жартылай финал мен финалдық ойындарды 8 бен 10 мамырда тамашалаймыз. Шешуші матчтар Италияның Пезаро қаласында өтеді.