Футзалдан тағы алысқа жайылған Алматының «Қайрат» клубының басынан бағы тая бастаған секілді.

Қазақстанның тарихындағы ең атақты команда ел чемпионатының төртінші турында «Семейден» 4:10 есебімен ойсырай ұтылды. Алматылықтар арасынан Атирсон Оливейра мен Кайо Руиз екі голдан соқты. Семейліктер сапында Педро Энрике хет-трик жасаса, Андерсон Алвес пен Марсело дубль авторы атанды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Пиялы, Ринат Төреғазин және Ержан Кәрменов бір-бір реттан нысананы дәл көздеді. Осы кезедесудің 32 минутында «Қайраттың» ойыншысы Алвес Ромулоның ойыннан қуылғанын да айта кетейік. 

Қазақстан футбол федерациясы