Құрлықтың хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» Владивостоктың «Адмиралын» қабылдады.

barys_offical

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін астаналықтар екі мәрте мергендік танытты. Бұл голдарды Всеволод Логвин пен Аңсар Шайхмедденов қақпаға енгізді. Үшінші кезеңде Мэйсон Морелли матчтың соңғы нүктесін қойды – 3:0. Соңғы екі ойындағы жеңісінен кейін 11 ұпайды еншілеген «Барыс» Шығыс конференциясының жарыс кестесінде алтыншы орынды иеленуде.