Қатарынан екі кездесуде жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантқан «Барыс» бұл жолы сәтсіздікке ұшырады.

Әрине, оған таңдануға болмас. Өйткені, «Локомотивтің» қазіргі қарқыны өте күшті. Ярославльдік хоккейшілер ҚХЛ-дың жарыс кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. «Барыс Аренада» да олар өздерінің мықтылығын тағы да мойындатып, біздің қақпамызға бес шайба салды. Астаналықтардың бір ғана голмен жауап қайыруға шамалары жетті. Есеп – 1:5.   

Ұлттық олимпиадалық комитет