Грузияның Тбилисінде ММА-дан әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыста Қазақстанның аралас жекпе-жек шеберлері жеті жүлде олжалады.

Инстаграм парақшасынан

Ерұлан Қабдулов пен Жақсыбек Аймаханов алтын алса, Досжан Есбол финалда ұтылды. Әбілмансұр Жексенбай, Марат Әшімтаев, Еркебұлан Бегасылұлы, Дмитрий Ярков және Диас Өскер қола медальді еншіледі. Ал еліміздің қыздар құрамасы төрт жүлдеге қол жеткізді. Оның иегерлері – Матильда Бачурина, Әдел Махметова, Мөлдір Әшірбекова және Диана Ахметова. Жалпы есепте жерлестеріміз екінші орынды иеленді.