22 қазанда БАӘ-нің Әбу-Даби қаласында аралас жекпе-жектен өтетін UAE Warriors турнирінде Сүндет Айтқұл (11-2-0) күш сынасады.
Сүндет Айтқұлдың инстграм парақшасынан
Қазақ файтері бразилиялық Гвидо Сантоспен (17-3-1) сайысқа түседі. Естеріңізге сала кетейік, осы жарыста жеңімпаз атанған спортшы әлемдегі ең белді промоушен – UFC-де өнер көрсету құрметіне ие болады. Футболдан 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатының билеттері саталымға шығатын күн де жақындап қалды. Оның құны қанша болатыны қазір белгілі. Бас кеңсесі Сан-Францискода орналасқан «The Athletic» интернет-басылымының мәліметінше финалдық матчтың ең қымбат билеттер 6730 долларға сатылса, арзандарының бағасы 2030 долларды құрайды. Топтық турнирлерде олар 60-тан 620 доллар арасында сатылады.