Күні кеше ғана аралас жекпе-жекті серік еткен қазақтың қос саңлағы шетелдік промоушендермен келсімшарқа отырды.

Атап айтсақ, әне-міне UFC-ге ауысқалы жатқан Саламат Исбулаев «Professional Fighters League» (PFL) ұйымына қабылданды. Қандасымыз бүгінге дейін 9 рет октагонға шығып, барлық бәсекеде айқын басымдық танытты.

«OCTAGON» –ның бұрынғы чемпионы Сүндет Айтқұл алдағы уақытта «UAE Warriors» ұйымдастырған турнирлерге қатысады. Қандасымыз 22 қазанда бразилиялық Гуидо Сантоспен сайысқа түседі. Өз карьерасында Сүндет 13 бәсекенің 11-ін өз пайдасына шешті.