Алматыдағы «Халық аренада» мәнерлеп сырғанаудан Олимпия
ойындары мен әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия
ойындары мен Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы Денис Тенді
еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.

Википедия

Аталған жарыста ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сайыс пен
мұздағы биден түрлі-түсті медальдар сарапқа салынуда. Бұл бәсекеде
шетелден келген бірқатар белді спортшылар өнер көрсетуде. Қазақстанның
намысын қорғайтын мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы ең атақтысы
Михаил Шайдоров екені сөзсіз. 21 жастағы алматылық сайыпқыран биыл үш
бірдей байрақты бәсекеде олжаға кенелді. Ол «Төрт құрлық біріншілігінде»
алтын, әлем чемпионатында күміс және Азия ойындарында қола медальді
олжалады. Ерлердің жарысында Шайдоровтан бөлек, Диас Жиренбаев,
Никита Кривошеев және Олег Мельников бақ сынайды.
Әйелдер арасындағы ең үздік споршымыз София Самоделкина
жарақатына байланысты Денис Теннің мемориалына қатыса алмайтын
болды. Оның орын София Фарафонова, Әмира Ирматова, Вероника
Коваленко, Нұрия Сүлеймен, Әмина Алексеева, Карина Ысқакова және
Русалина Шәкірова сынды сұлулар басты. Ал мұздағы биде талай дүбірлі
дүрмекте ысылған Бойсангур Датиев пен Гауһар Наурызова жұбы өз
өнерлерін ортаға салады.