Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдік рейтингті жаңартты. Қазақстан
ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жаңартылған рейтинг нәтижесінде
16-орынға көтерілді. Бұл – спортшының жеке рекорды, себебі бұған дейін ол
17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Александр  Бублик аталған нәтижеге  Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP турнирінде жеңіске жеткен соң қол жеткізді. Финалда Александр Бублик Франция атынан өнер көрсететін Валентен Руайемен кездесті. Матч екі сетке созылып,  Бублик шешуші кездесуді жалпы есеппен 7:6, 7:6 нәтижесімен өз пайдасына аяқтады. Бұл – қазақстандық теннисшінің ағымдағы маусымдағы бесінші жүлдесі.

Айта кетейік,  жаңартылған рейтингтің бірінші орнында – испаниялық Карлос Алькарас. Екінші орында – италиялық Янник Синнер. Ал үздік үштікті германиялық Александр Зверев қорытындылайды.