Әлемдік рейтингте 17 орында тұрған Александр Бублик 13-19 қазан
аралығында Алатау баурайында жалауы желбірейтін «Almaty Open»
турниріне қатысудан бас тартты.
Өткен аптада ол Шанхайдағы «Мастерс» жарысында үздіктер тізімінде 202
сатыға жайқасқан Монаконың теннисшісі Валентен Вашеродан ойда-жоқта
ұтылған еді. Содан кейін жеке бапкері еліміздің бірінші ракеткасына біраз
уақыт демалыс беруді жөн көрді.