Қазақ теннисшісі Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхонында табысты өнер көрсетті.

1759737102
Ұлттық олимпиадалық комитет

ITF-тің J200 санатында турнирде ол алағашқы айналымдарда қарсыластарын бас көтертпей ұтса, жартылай финалда корт қожайыны Си Джинге сан соқтырды. Финалда Нұрланұлы тағы бір кореялық Мин Хук Чомен шеберлік байқасты. Ол өз кезегінде қандасымыз Даниэль Тазабековты қапы қалдырған еді. Бұл бәсекеде қандасымыз 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Бір ғажабы, осы турнир барысында Заңғар бірде-бір сетте жеңілген жоқ. Сөйтіп, 17 жастағы дарынды ойыншы ITF Juniors санатындағы жарыстарда өзінің алтыншы титулын жеңіп алды.