25-29 қазан аралығында Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде
үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогы
өтеді.

Ұлттық олимпиада комитеті

Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін жарыстың жүлде
қоры 115 000 АҚШ долларын құрап отыр. Республикалық үстел теннисі
федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, аталған турнирде Оңтүстік Корея,
Қытай, Мысыр, Мажарстан, Малайзия, Иран, Сауд Арабия және тағы басқа
мемлекеттерден келетін 250-дан аса ойыншы өнер көрсетеді деп күтілуде.
Олардың қатарында әлемдік рейтингте ТОП-100-дікке енген сақа
спортшылар да бар. Жарыс жолына ересектерден бөлек, жастар мен
жасөсрімірдер де шығады.
Астанада Қазақ елі намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев,
Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз
Мірқадырова, Жанерке Көшкімбаева, Әнел Бақыт сынды көптеген аса ірі
халықаралық додаларда дараланған шеберлер қорғайды.