Филиппинде волейболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.
volleyballworld.com
Бас жүлдені Италия құрамасы олжалады. Финалда олар Болгарияны 3:1 (25:21, 25:17, 17:25, 25:10) есебімен ұтты. Бұл – Апеннин түбегі өкілдерінің аталған жарыста бесінші рет топ жаруы. Қола медаль Польша құрамасына бұйырды. Үшінші орын үшін тартыста олар Чехияға шаң қаптырды.