Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль қанжығалады.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде Әскербай 144 келіні еңсерді. Бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасында жаңа әлем рекорды болып тіркелді. Бұған дейінгі рекордтты қойған да осы Әлихан еді. Сонымен қатар ол Азия және жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында рекорд жасады.

Айта кетейік, күміс жүлдені қытайлық Чен Синсин (143 келі) иеленсе, өзбекстандық Хаетбек Ерматов (131 келі) үшінші орынды қанағат тұтты.

Ұлттық олипиадалық комитет